420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда дауылдан зардап шеккен үйлер толықтай қалыпқа келтіріледі

  • 301
Көкшетауда дауылдан зардап шеккен үйлер толықтай қалыпқа келтіріледі

Көкшетауда сәуір айының басында болған дауылдың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдері қираған үйлер көп болғандықтан, оларды республикалық бюджет есебінен қалыпқа келтіру үшін төтенше жағдай жариялапты. Қазір қалада үш бірдей тәуелсіз бағалау компаниясы үйлерге қаншалықты зиян келгенін есептеп жатыр. Ал шатырлары толықтай дерлік ұшып кеткен 4-5 үйді жөндеу жұмыстары жақында басталады дейді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, Көкшетауда дауылдан 150-ге жуық үй түрлі деңгейде бүлінген еді. Сөйтіп тұрғындар жөндеу жұмыстарына кеткен шығын, біздің қалтамызға салмақ болмас па екен деп алаңдаушылық білдірген. Әйтеуір әкімдіктегілер барлығы бюджет қаражатына жөнделетінін айтты.

Ербол Төлеуов, қала әкімінің орынбасары:

– Біз үйлерді үш санатқа бөліп қарастырамыз. Біріншісі, шатыры 80 проценттен астам зардап шеккен үйлер. Мұндай үйлер бойынша міндетті түрде жобалық-сметалық құжаттар жасалып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Екіншісі, орташа деңгейде зиян тартқандар. Оларда тек ақау жөнінде акт әзірленіп, сол бойынша жөнделеді. Ал жеңіл-желпі зардап шеккен үйлердің тұрғындарына төлемақы беріледі.

Хабар 24 телеарнасы