423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысында саяжай маусымы ашылды

  • 594
  • UPD: 07:55, 29.04.2020
Павлодар облысында саяжай маусымы ашылды

Павлодарда да саяжай маусымы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындарының бағбаншылық учаскелеріне жеке көліктерімен баруына рұқсат. Сол үшін саяжай аумақтарына автобус және трамвай бағыттары ашылып отыр. Тұрғындар дүйсенбіден басқа күндері таңғы сағат 7 мен 10 аралығында саяжай аумағына кіріп, кешкі сағат 19-00-ге дейін кері шыға алады. Карантин ережелеріне сай қоғамдық көлікте медициналық маска киіп жүру тәртібі сақталады. Көліктердің жүру жиілігі 30 минут. Саяжайға қатынаушылардың бағбаншылық кітапшалары тексеріледі. Карантин тәртібі жеңілдегенімен, сақтық шаралары қатаң сақталуы тиіс. Сондықтан төтенше жағдай кезінде балаларды апармауға кеңес беріліп отыр. Ал жеке көлігімен барғандардың блок-бекеттерде дене қызуы тексеріледі. Жалпы, Павлодар қаласы аумағында 19 бағбаншылық шаруашылығы бар.

Қайрат Нүкенов, қала әкімі:

– Кеше шұғыл түрде облыстық және қалалық штаб құрылып, карантин шараларына жеңілдіктер енгізу шешімі қабылданды. Солардың бірі, саяжай маусымының ашылуы болып отыр. Бүгін таңғы сағат 7-де тұрғындардың алғашқы легі өздерінің учаскелеріне барып үлгерді. Бағбаншылық шаруашылыққа маусым кезінде 8 автобус және 3 трамвай бағыты қызмет көрсетеді

Александра Андруша, қала тұрғыны:

– Саяжай маусым өте кеш басталды. Үлгере алмай жатырмын. Әдетте көшеттерді жерге сеуіп, үстін жауып қоятынмын. Биыл үйде өсіруге тура келді. Ағаштарды кесіп, жерді қазып дайындауым керек. Шамамның келгенше істеймін. Гаражға баруға рұқсат етсе, картопты да салып тастаймын.

Хабар 24 телеарнасы