422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да карантинге байланысты 12 мыңдай кәсіпорын жұмысын тоқтатқан

  • 370
  • UPD: 13:21, 30.04.2020
БҚО-да карантинге байланысты 12 мыңдай кәсіпорын жұмысын тоқтатқан

 Батыс Қазақстан облысында карантин режиміне байланысты 12 мыңдай кәсіпорын жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ төтенше жағдайға байланысты ел Үкіметі қабылдаған шаралар нәтижесінде өңір өнеркәсібі 6 миллиард теңге үнемдемек. Бұл қаржыны кейін олар айналымдағы капитал көлемін ұлғайтуға бағыттай алады. Мемлекеттің нақты қолдауы салықтық жеңілдіктерден көрініс тауып отыр.

Тимур Төлепов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Кәсіпкерлеріміз жалпыға режиммен жұмыс істейтін 1 жылға дейін жеке табыс салығынан босатылып отыр. Одан басқа мына ірі сауда объектілері, кинотеатрлар мен көрме ұйымдастыратын ғимараттар да мүлік салығынан 1 жылға босатылып отыр. Сонымен қатар 1 қазанға дейін салық беруші, яғни, өздерінің жұмысшыларына есептелетін жалақыдан әлеуметтік аударымдар мен салықтарды төлеуден кейін шегеріліп отыр

Хабар 24 телеарнасы