429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да спорт басқармасы қызметкерлерінің саны 10-15% қысқаруы мүмкін

  • 293
  • UPD: 17:50, 30.04.2020
БҚО-да спорт басқармасы қызметкерлерінің саны 10-15% қысқаруы мүмкін

Осыдан жарым ай бұрын Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қызметіне енді кіріскен басшыға таныс-тамырларын спорт мектептеріне директор етіп тағайындауды ұсынушылар аз болмапты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жария етті. Жаңа басшы бұл орайда өңір спортын дамытуға мүдделі жандардың аздығына қынжылады. Болашақта басқармаға қарасты қызметкерлер саны 10-15 процентке қысқаруы мүмкін. Саладағы проблемаларды саралаған басшы осыған бекініп отыр. Өйткені, облыстағы спорт нысандарындағы басшы-қосшылардың саны бапкерлерден бірнеше есеге көп. Ал мемлекеттен спортқа бөлінетін қаражаттың басым бөлігі сайып келгенде тек басшы-директорларды ұстауға кетеді. Кейбір спорт мектебінің директорлары өзі басқаратын нысанда бір де бір спорт түрімен айналыспайды. Сондықтан саланы оңтайландырып, шығындарды азайту қажет. Ал үнемделген қаржы спортшылар мен бапкерлерді қолдауға жұмсалуы тиіс, дейді аймақтың бас спортшысы.  

Қаймен Есендияров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Көптеген таныс адам қоңырау шалып, ақыл-кеңестерін айтып жатыр, осы жұмысқа, спорт мектептеріне директорлыққа немесе директор орынбасарына таныстарын, туыстарын ұсынысып жатыр. Сол менің көңіліме қаяу түсірді.

Нұрдәулет Сәмет, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Қаймен Есенаманұлы өзінің парасаттылығын білдіріп, мұндай іс-әрекет жемқорлықпен байланысты болғаннан кейін одан бас тартып, қайта ашық түрде осындай іс-әрекеттерді жариялап отыр. Бұл – басқа мемлекеттік  қызметкерлерге үлгі. Және де кейбір азаматтарға ескерту.

Хабар 24 телеарнасы