411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрі оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

  • 108
  • UPD: 23:50, 30.04.2020

Арыста төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскерилер қалада жалпы аумағы 100 мың шаршы метрден асатын жерді зерттеді. Ал арнайы құрылған мобильдік топ жергілікті тұрғындардың өтінішін қабылдау үшін кезекшілік атқарып келеді. Бұл жұмыстарды Қорғаныс министрі барып тексерді. Нұрлан Ермекбаев Шымкентке жақын орналасқан әуе күштеріне қарасты әскери бөлімге де барды. Бұдан бөлек Алматыдағы шабуылшы десанттар әскерін көріп, арнайы жасақталған медициналық кешенді аралады. Мұнда 70 дәрігер мен медбикеден тұратын бригада жұмыс істейді. Далалық және палаталық госпитальдарда жабдықтар жеткілікті. Бұл нысандар тәулік бойы күзетіледі. Кездесу барысында министр барлық әскери қызметшіні келе жатқан Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен құттықтады.

Хабар 24 телеарнасы