423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 255 мың жаңа жұмыс орны ашылады

  • 415
  • UPD: 11:36, 05.05.2020
Елімізде 255 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі жұмыссыздықты жою мәселесі де қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 255 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отырғанын жеткізді. Біржан Нұрымбетов басымдық жұмыссыз жүрген жастарға беріледі деді. Ол үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жақын уақытта 6 жарым мыңға жуық жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Өңірлерде ауруханалар, мектептер мен спорт нысандары бой көтереді. Қазірдің өзінде осы бағдарлама аясында бірнеше жоба іске қосылған екен. Үкімет 10 мың адамды жұмыспен қамтып үлгерген.       

 

Хабар 24 телеарнасы