418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық тамақтану орындары қашан ашылады

  • 247
  • UPD: 15:44, 11.05.2020
Қоғамдық тамақтану орындары қашан ашылады

Елімізде қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханалар қашан ашылады?

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов брифингте түсіндіріп берді.

«Қоғамдық тамақтану орындарын ашу жоспарда бар. Қазіргі кездің өзінде олардың көпшілігі жұмыс істеп тұр. Бірақ олар тапсырыспен жеткізіп береді. Оның өзінде кешкі сағат 20:00-ге дейін ғана істейді. Бұл тәртіптердің бәрі әлі де жалғасады. Бірақ әрі қарай олардың жұмыстарын жағастыру туралы сұрақтар күн тәртібінде тұр», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Бірақ бұл бағытта нақты талаптар болу керек екенін айтып өтті. 

«Ол талаптарға азаматтардың барлығы сәйкес келген кезде рұқсат беріледі. Сондықтан оған уақыт керек. ДДСҰ-ның талаптары бар. Пандемияның деңгейі 5 пайыз болса, біз соған жетіп те келе жатырмыз, қазір – 3,9 пайыз. Соған жеткенмен оның өзі бірқалыпты жағдайға келуі керек. Бірқалыпты жағдай дегеніміз, бір-екі күн емес, мысалы бір апта бойы тұрақталуы. Егер сондай деңгейді ұстап тұратын болсақ, алдағы уақытта мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын ашуға рұқсат беруге болады», - деді.

Хабар 24 телеарнасы