410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маскасыз жүргізушілер, топтасқан жолаушылар: Қызылордада карантин режимі бұзылды

  • 163
  • UPD: 14:55, 18.05.2020
Маскасыз жүргізушілер, топтасқан жолаушылар: Қызылордада карантин режимі бұзылды

Қызылорда қаласында қоғамдық көліктің күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық талаптарын сақтау жағдайы сын көтермейтіндігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл Қызылорда қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен мониторинг шарасы барысында белгілі болды. Аталған шара теміржол вокзалы аумағынан басталып, «Aray City Mall» ойын-сауық орталығына дейін жалғасты. Онда қоғамдық көліктің карантин режиміндегі санитарлық-дезинфекциялық жағдайы қаралды. Осылайша «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС жұмыс тәртібі бақыланды.

«Шара барысында 11 қоғамдық көлікке бақылау жүргізілді. Бақылау барысында адамның шамадан тыс көптігі, белгіленген арақашықтықтың сақталмауы анықталды. Сондай-ақ жүргізуші мен кондукторлардың міндеттелген масканы кимегені белгілі болды. Арнайы дизенфекцияланған дымқыл маталарды пайдаланбау оқиғасы да орын алды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасы. Аталған шара 13 мамырдан басталды. Ол 30 мамырға дейін жүргізіледі.

Қызылордада 18 мамырдан бастап базарлар ашылды.

Хабар 24 телеарнасы