405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді

  • 152
  • UPD: 11:34, 19.05.2020
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі жағдайға байланысты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленетін болады. ол институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтитын орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономика бағытының негізгі бағарларын айқындайды. Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру басты міндетке айналады», - деді отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы.

Айтуынша, аталған стратегия өзін-өзін қамтамасыз етуді арттыруға, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға сапалы инвестиция мен қосылған құнның жаһандық және өңірлік тізбектеріне кіруге негізделеді. «Ұлттық экономика министрлігіне стратегия жоспарының жаңа редакция жобасын 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Үкіметке енгізуді тапсырамын», - деді Асқар Мамин.

Хабар 24 телеарнасы