427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Жаңа заң бұқара мен билік арасындағы көпір

  • 368
  • UPD: 15:58, 20.05.2020

Дәл осы заң жобасы бойынша сарапшы Әсел Назарбетованың пікірін білдік. Оның айтуынша, бұл құжат демократиялық талаптарға сай.

Талқылаулар кезінде шетелдік сарапшылардың сын-ескертпелері ескерілген. Сондықтан «Бейбіт жиналыс туралы» Заңы қабылданған кезде, митингтердің өту тәртібі өзгереді. Осылайша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы  іс жүзінде көрініс табады.

Әсел Назарбетова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

– Осы заң жобасында бекітілген, енгізілген жаңа нормалар арқылы Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктер жоғарылайды. Яғни, олардың қауіпсіздігіне, жауапкершілігіне, өткізу орындарына байланысты енгізілген нормалар бұл осы заң жобасының одан да жақсара түскендігіне, одан да ілгері жылжығандығының көрінісі. Бұл заң жобасы арқылы Қазақстан азаматтарының өздерінің ұсыныстарын билікке жеткізуге мүмкіндік туады.

 

Хабар 24 телеарнасы