411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қоғамдық тамақтану орындары ашылды

  • 82
  • UPD: 23:02, 22.05.2020
Павлодарда қоғамдық тамақтану орындары ашылды

Павлодарда қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күн болды. Дәмханалар таңғы 08:00-ден кешкі 21:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді. Бірақ мейрамханаларға 30 адамнан артық кіруге болмайды. Екі метр арақашықтық сақталуы керек. Ондағы қызметкерлер маска тағып, қолғап киюге міндетті. Іші сәт сайын тазаланып тұруы қажет.

Толқын Есмақаева, Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы:

Жедел штаб және мониторинг тобы құрылған. Олар барлық сауда орталықтарындағы тазалық нормаларының сақталуын және зарарсыздандыру жұмыстарының қалай жүзеге асып жатқанын тексереді. Егер де ереже бұзу деректері анықталса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Яғни, 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы