399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоғамдық орындар дезинфекцияланды

  • 83
  • UPD: 19:56, 23.05.2020
Елордада қоғамдық орындар дезинфекцияланды astana.gov.kz

Елордада инфекция жұқтыру қаупі жоғары бірқатар қоғамдық орын зарарсыздандырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында саябақтар, сауда орталықтарының аумағы,аялдамалар мен базарлар және өзге де әлеуметтік нысандар бар. Жалпы 20 миллион шаршы метр аумаққа тазартылған.

Еске салайық, 11 мамырдан бастап елордалықтардың саябақ пен алаңдарда серуендеуіне рұқсат етілген. Дегенмен тұрғындар сақтық шараларын естен шығармауға тиіс. Яғни көшеде бетперде тағып, ара қашықтықты сақтауы керек. Әкімдік өкілдері бас қалада эпидемиологиялық ахуал күрделеніп кетсе, карантин талаптары қайта күшейтілетінін тағы да ескертті.  

Хабар 24 телеарнасы