411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық гаражындағы шұңқырда есірткі сақтаған

  • 122
  • UPD: 12:45, 26.05.2020

Қостанай облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыс орталығының гараждар кооперативінде жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның «Лада-Калина» автокөлігінен алты келі кептірілген марихуана тәркіленді. Гаражды қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану арқылы қарау кезінде марихуананың екі жасырын көзі анықталды. Гаражға кіреберісте аяқ киім тумбасында бір жарым келі есірткі алынды. Қазылған шұңқырда, тақтайлардың астынан қапқа салынған тағы 25 келіден астам марихуана алынды.

Алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 32 келі 826 гр құрайды. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі көлемге жатады және мүлкі тәркілене отырып он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Күдіктіні ұстау кезінде ол есірткіні қандай мақсатқа және қайда тасымалдау керектігі туралы айтудан бас тартты.

Оған қатысты бұлтартпау шарасы берілді және қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы