412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Тұрғымбаев блок-бекеттегі оқиғадан көз жұмған полицейдің отбасына барды

  • 318
  • UPD: 20:38, 27.05.2020
Е.Тұрғымбаев блок-бекеттегі оқиғадан көз жұмған полицейдің отбасына барды

Бүгін еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тосқауыл бекетіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан полиция қызметкерінің бірі, Дастан Әбдіқановтың отбасына келіп көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат құралы Дастанның жұбайы Динара Әбдіқанова өзінің Instagram парақшасында осы оқиғаға кінәлі «BMW жүргізушісі қазір де құқық қорғау саласында жұмыс істейді. Ол бұрын жұмыстан шығып кеткен деген ақпарат шындыққа жанаспайды» деп жазды деген еді. Бүгін біздің тілшілер Алматы қаласы, Мәдениет шағын ауданындағы Дастан Әбдіқановтың үйіне барып, марқұмның әкесімен тілдесіп қайтты.

Маратжан Әбдіқанұлы, марқұм Дастан Әбдіқановтың әкесі:

– Менің келінімнің ондай нәрсе жазатын жағдайы да жоқ болды ол кезде. Енді менің келінімнің жазғаны өзінің жарымен қоштасуы. Соны басқа жұрттар алып бұрмалап таратып жіберген. Менің келінім ондай жазған жоқ. Бүгін мінеки, министр мырза Тұрғымбаев өзі келіп, отбасымызға кіріп көңіл айтып шықты. Менің балам жаман болса, министр мырза келер ме еді. Халқым дұрыс түсінсін. Елдің алып қашпа сөзіне сенбесін.

Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы тосқауыл бекетінде жантүршігерлік оқиға болған еді. Мас күйінде көлік жүргізген ер адам полиция көлігін қағып, екі адам қайтыс болды. Тағы бір полиция қызметкері ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы