405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша сот процесі басталды

  • 151
  • UPD: 20:37, 27.05.2020
Атырауда жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша сот процесі басталды

Бүгін Атырауда жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен басқа да қызметкерлерге қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыпталушы бес адам. Тексеру кезінде санитарлық нормаларды сақтамау, сапасыз препараттар, түрлі нормалар мен ережелердің бұзылуы секілді фактілер, сондай-ақ, жүкті әйелді қабылдаған дәрігердің мас күйінде болғаны анықталды. Еске салайық, өткен жылдың күзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау облысы перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты, сондай-ақ жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған акушер-гинекологты ұстаған еді. Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Алайда одан тіршілік нышаны байқалған кезде дәрігерлер құжаттарды қайта рәсімдегісі келмей, оны тоңазытқыш камерасына жіберген.

Боранбай Ғалиев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

– Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қайыржанға, дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваға, окушер Жамиға Құлтароваға қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы бастады. Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр. Болашақта қандай бағыты алатынын қосымша хабарлаймыз.

 

Хабар 24 телеарнасы