418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде үш тұрғын үй операторы біріктіріледі

  • 240
  • UPD: 15:27, 28.05.2020
Елімізде үш тұрғын үй операторы біріктіріледі

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар тиісті заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес, «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» біріктірілмек. Құжат арқылы бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру, көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды кепілдендіру, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметтері реттеледі. Сонымен қатар операторлар санын қысқарту арқылы әкімшілік шығындарды азайту қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы