429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы ауылдарда жолдар жөнделіп, үйлер салынады

  • 577
  • UPD: 22:11, 28.05.2020

Қостанай облысындағы Науырзым ауданы әлеуметтік-экономикалық жағынан кенжелеп қалған өңірлердің бірі.

Тіпті ел арасында «аудан жабылады екен» деген әңгіме де естіліп қалатын. Көптен бері бұл аймақта іргелі жобалардың қолға алынбағандығы осындай ойға жетелегені анық. Биыл «Ауыл – ел бесігі», «Еңбекпен қамтудың жол картасы» арқасында ауданның тыныс-тірлігі жандана бастады.

Шолақсай ауылына жақында қоныс аударған фельдшер-акушер Ирина Попенко жаңа баспанасына дән риза. Соңғы екі жылда осы елді мекенге жұмыс істеуге келген оннан астам жас мамандардың барлығы көтерме ақыдан тыс тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Солардың бірі – Түркістан облысының тумасы Асылзат Камалова. Жоғары оқу орынын қызыл дипломмен бітірген жас қыз бүгінде ауыл мәдениетін көтеріп жүр.

Асылзат Камалова, мәдениет үйінің қызметкері:

Барлық жағынан бізге көмек көрсетіліп жатыр. Отынымыз, көміріміз барлығы. Осы ауылдағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіпті от жағуға адам жалдап берді ақшаға.

Науырзым ауданында биыл Қарамеңді мен Шолақсай ғана тірек ауылдық елді мекен санатына кірді. Бұған дейін де айналасындағы ауылдарға Шолақсай тірек болып келді. Өйткені мұндағы өндірістік-әлеуметтік нысандар қашаннан қалыпты жұмыс істеп тұр. Жергілікті фельдшерлік-акушерлік пункт іргедегі елді мекен тұрғындарын да қабылдайды. Жас дәрігер Жәмила Жакунова ауылдық амбулаторияның қызмет ауқымын кеңейте түсуді армандайды.

Жәмила Жакунова, ФАП меңгерушісі:

- Көбінесе бізде жиі шағымданатындығы жүрек аурулары, қан қысымы. Кез келген ауруды бірінші біз анализдерді қараймыз ғой. Соған байланысты зертхана болса, арманым деп ойлаймын зертхана.

Қазір тірек ауылдарды дамытуға мемлекет маңыз беріп отыр. Шолақсайға ауыз су тартылып, талшықты-оптикалық байланыс желісі өткізілді. Қарамеңді де жолдар жөнделіп, 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұндағы ең ірі жоба жаңа қазандықтың  салынып жатқаны. Бұл нысанның экономикалық тиімділігі зор.

Талғат Кәрбозов, Наурызым ауданының әкімі:

Он шақты ғимарат жаңадан қосылады. Оның ішінде аудан әкімшілігінің ғимараты бір жылда жаңағыдай жылуды ұстап тұру үшін 15 миллион тенге көлемінде қаржы жұмсалса, аталған жыл осы қазандық қосылса, 4 миллион ғана жұмсалады. Сонда 10 миллиондай бір мекеменің өзінен ғана үнем.

Жылу қазандығының құрылысын мердігер қыркүйек айында аяқтаймыз деп отыр. Ал жалпы «Ауыл – ел бесігі», «Еңбекпен қамтудың жол картасы» аясында биыл Науырзым ауданының 70-тен астам тұрғыны құрылыс жұмыстарына тартылады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы