429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда халықаралық онлайн конференция өтті

  • 275
  • UPD: 15:48, 29.05.2020
Нұр-Сұлтанда халықаралық онлайн конференция өтті

Тарихи әділдікті қалпына келтіру. Бұл мәселе бүгін елордадағы халықаралық онлайн конференцияда талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға ғалымдар, тарихшылар, сарапшылар және саясаткерлер қатысты. Олар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына қатысты тың деректерді көтеріп, оны қазіргі ұрпақ ұмытпау керектігі жайында айтты. Өйткені бұл – жалпыұлттық сананы қалыптастыруға апатарын жол. Айта кетейік, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының іс-шаралары алғаш рет 2010 жылы өткен еді. Содан бері сала мамандары жыл сайын бас қосып, тарихи маңызы бар  мәселерді жан-жақты талқылап келеді.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи әділдікті қалпына келтіру мәселесіне тәуелсіздік алған жылдардан бері ерекше көңіл бөліп келеді. Өйткені оның халық үшін маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та тарихи декректердің бұрмаланбай,  дұрыс жеткізілу керектігін жиі айтады. Сондықтан тарихтағы қасіретті жылдарды ұмытпай, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы