405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде карантин мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды

  • 155
  • UPD: 19:25, 29.05.2020
Семейде карантин мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды

Соңғы мәліметтер бойынша облыста індет жұқтырғандар саны 107-ге жетсе, шаһарда 87 науқас тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен облыстың бас санитар дәрігері кейбір қызмет түрлерінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қаулы қабылдап отыр. Ол бойынша сән салондары, 30 адамға дейінгі қоғамдық тамақтану орындары, автосалондар, балабақшадағы кезекші топтар іске қосылмақ. Шектеу шаралары өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзгеруі мүмкін.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

– Сақтық шараларды сақтай отырып, ертеңнен бастап жаңа қаулы күшіне енеді. Бірақ бұл шектеулер қаладағы індеттің күшею-күшеймеуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Мен ахуал түзеледі деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы