423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұрлы жол»: Алдағы бес жылда 27 мың шақырым жол жөнделеді

  • 362
  • UPD: 15:24, 02.06.2020
«Нұрлы жол»: Алдағы бес жылда 27 мың шақырым жол жөнделеді

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасының екінші бесжылдығы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жергілікті маңыздағы жолдарға үлкен көңіл бөлінбек. Жыл соңына дейін мұндай жолдардың 75%-і жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізілмек. Қазір 4 мың шақырым жол жөнделіп жатыр. Ал, бес жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 мыңға жетеді. Ағымдағы жылы республикалық және жергілікті маңыздағы 9,5 мың шақырым жол жөнделеді. Ел аумағында 1800-ден аса жол бойында қызмет көрсететін нысан бар. Оның жартысына жуығы ұлттық стандартқа сай.

Бейбіт Атамкұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 685 млрд теңге бөлінді. Оның 349 млрд теңгесі республикалық жолдарға бағытталған. 641 шақырым жолда қозғалыс ашылды. 1,5 шақырым жол орташа және күрделі жөнделді.

 

Хабар 24 телеарнасы