418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жемқорлыққа қарсы шара қабылдамаған басшы жауапқа тартылады

  • 201
  • UPD: 17:15, 03.06.2020
Жемқорлыққа қарсы шара қабылдамаған басшы жауапқа тартылады tengrinews.kz

Жемқорлыққа қарсы шара қабылдамаған жағдайда квазимемлекеттік сектордың басшылары да жазаланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Енгізілген жаңашылдықтар заңнаманы одан әрі жетілдіріп, жемқорлықпен күресті күшейтпек. Тіпті біреуді қылмыс жасауға арандатып, үгіт жүргізгендер де жауапқа тартылады. Жұмыс тобы заң жобасы бойынша 6 рет отырыс өткізіп, депуттардың ұсынысы ескерілген.

Хабар 24 телеарнасы