420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалықта «Көмек алаңы» фронт-кеңсесі ашылды

  • 494
  • UPD: 22:07, 08.06.2020

Арқалықта «Көмек алаңы» аталатын фронт-кеңсе ашылды. Бұл мақсатқа 11 жарым миллион теңге жұмсалды. Бұл орталықтан тұрғындар «бір терезе» қағидасы бойынша қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады.

Бүгінде Қостанай облысында мұндай 20 кеңсе бар. Барлығының жұмысы мемлекеттік органдардың азаматтарға ашықтығын, қолжетімділігін арттыруды көздейді.

Фронт-кеңсенің Арқалық қаласында ашылуы кездейсоқ емес. Өңірде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, осыған қатысты тұрғындардан туындайтын сауалдар жетерлік. 

Бауыржан Бралин, Арқалық қаласы әкімдігінің аппарат жетекшісі:

– Бірінші қабатта бұл жерде бізде азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша құжаттамалық бөлімі әкімдіктің және АХАТ бөлімдері орналасқан. Сонымен қатар бұл жерде электронды портал арқылы азаматтар өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Сондай-ақ арқалықтықтар жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, білім, құрылыс және тұрғын үй бойынша толғандырған мәселелеріне жауаптарын алады. Кеңсенің жұмысымен танысып шыққан облыс әкімі оның әлі де жетілдіретін тұстарын атап өтті.  

Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі:

- Жұмыспен қамту бөлімі қайда? Осы жерде отыру керек. Дұрыс емес. Қазір «Жұмыспен қамтудың жол картасы» басталды. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. 50 пайызы шарт бойынша жергілікті адамдарды жұмысқа алу керек. Оның бәрін қайдан алады? Жұмыспен қамту бөлімінен алады.

Болашақта осындай кеңселердің жұмысы ауқымды форматқа көшіріледі. Соның негізінде тұрғындар тұрғылықты жерлерінен шықпастан кез келген мемлекеттік орган қызметіне жүгіне алады. 

Данияр Смағұлов, СЖҚІҚ Агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасары:

- Бұдан басқа ауылдық округтерде 130 әкімшіліктер бар. Алайда олар қызмет көрсетудің жаңа моделіне әлі көшкен жоқ. Бүгінгі күні Қашар кентінде ашу жоспарланған.  

Облыста алғашқы фронт-кеңсе тура бір жыл бұрын президенттің қатысуымен Қостанайда ашылған. Сол кезеңнен бері 8 мыңдай тұрғынның мәселесі шешімін тауып, 25 мыңдай кеңес берілді.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы