421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қанша полиция қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

  • 474
  • UPD: 17:10, 09.06.2020
Қанша полиция қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Полиция қызметкерлері арасында 589 адам коронавирус жұқтырған.

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ өткен брифингте айтты.

«Пандемия кезінде медицина қызметкерлерінен бөлек полиция қызметкерлері де тәуекел тобының қатарында болды. Блок бекеттерде 7 мыңдай қызметкер тәулік бойы жұмыс істеді. Одан бөлек көпшілік жүретін жерлерді де полиция қызметкерлері бақылауда ұстады. Көпшілікпен байланыс жасалды. Полиция қызметкерлері арасында 589 ішкі істер қызметкерінен коронавирус анықталды. 419 қызметкер жазылып шықты. 170 адам қазіргі уақытта емделіп жатыр», - деді.

Сондай-ақ қызметкерлер арасында коронавирустан көз жұму оқиғалары тіркелмегенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы