Екібастұзда карантин режимі күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Себебі, соңғы аптада мұнда коронавирус жұқтырғандар саны 30%-ке өскен. Аймақ бойынша бүгінге дейін 300-ден аса дерек тіркелді. Қазір инфекциялық стационарда 40 науқас ем алып жатыр. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы әзірленіп жатыр.
Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:
- Өткен аптаның нәтижелері бойынша ауру жұқтыру бойынша өсім байқалды. Сондықтан карантиндік шараларды күшейту мәселісі қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта қоғамдық көлік қозғалысы, сауда-сауықтыру нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Қоғамдық тамақтаны орындарының жұмысы тексеріледі.