431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ға оңтүстіктен көшіп барғандар түрлі кәсіпті дамытып отыр

  • 370
  • UPD: 15:22, 13.06.2020
ШҚО-ға оңтүстіктен көшіп барғандар түрлі кәсіпті дамытып отыр

Шығыс Қазақстан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр.

Оның 3-бағыты еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша оңтүстік өңірлерден Аягөз ауданына 18 отбасы көшіп келген. Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарынан қоныс аударғандарға мемлекет есебінен көтермеақы және тұрғын үй жалдауға 17 миллион теңгеден артық субсидия төленіпті. Қазір олардың көбі арнайы семинарларға қатысып, грант ұтып алған. Мал өсіріп, жиһаз жасаумен, жылыжай кәсібімен айналысып жатыр. Солардың бірі Арыс қаласынан көшіп келген көпбалалы ана Мейрамгүл Ыдырысова. Ол 500 мың теңге грантқа жылыжай салып, көкөніс өсіруде.

Мейрамгүл Ыдырысова, көп балалы ана:

- Көкөністердің біз енді әр түрлісін өсіргіміз келеді. Қазір біз мына тез пісетін қиярмен айналысып жатырмыз. Ана жақтан көрдіңіздер кішкентай жылыжай бар, ол жерде ұрық өндіреміз. 1 гектар жер бөлінген бізге, сол жерден үлкен жылыжай істегіміз келеді. Қызанақтан бастап түгелін, тіпті бұл жерде қауын, қарбыз егуге де болады екен. Ана жаққа еккенбіз, егер болып жатса, ол одан да жақсы.

Хабар 24 телеарнасы