423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда премьер-министр мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонды

  • 333
  • UPD: 16:16, 15.06.2020
Таразда премьер-министр мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонды

Таразда премьер-министр Асқар Мамин мінген тікұшақ шұғыл түрде жерге қонды.

Оның себептері туралы «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысында 12 маусым күні бортында премьер-министр Асқар Мамин болған тікұшақ әуеден шолу жасаған. Ұшу кезінде ұшқыш гидравликалық жүйенің істен шыққанын байқаған. Содан кейін қосалқы гидравликалық жүйе қосылған. Ұшу нұсқаулығына сәйкес тікұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды», - деп хабарлады «Қазавиаспас» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Анар Хамитова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта азаматтық авиация саласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы комиссия құрған. Аталған жағдайдың ресми себебі кейінірек жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы