423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қалың бұршақ жауды

  • 514
  • UPD: 17:53, 16.06.2020
ШҚО-да қалың бұршақ жауды

Шығыс Қазақстанда Күршім ауданына өтетін Қызыл ту өткелі маңында қалың бұршақ жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың бұл құбылысын жолаушылар бейнежазбаға түсіріп алған. Олардың айтуынша, қар аралас бұршақ паромға жеткенге дейінгі аумаққа жауып тастаған. Тіпті жауын-шашын салдарынан тайғақ жолда көліктердің қозғалысы қиындап кеткен. Ал экологтар табиғаттың бұл мінезін қалыпты жағдай деп түсіндірді.

Елена Полянцева, эколог:

– Бірнеше күн қатты ыстық болғанын білесіздер. Ендеше атмосфералық қысымдағы бұл өзгерісте тұрған ештеңе жоқ. Жалпы өңірде климаттағы өзгеріске қалыптасуға орай жоспар жасалған. Яғни онда адамдарға табиғаттағы осындай оқыс жайттарға қалай дайын болу керегі жайлы кеңес берілген. Әзірге бұл жоспар толық жарияланған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы