loader

Каспийдің қаламен шектескен тұстарындағы жағажайлар жабылуы мүмкін

Каспийдің қаламен шектескен тұстарындағы жағажайлар жабылуы мүмкін

Өйткені халық қарақұрым. Ақтаулық санитарлық дәрігерлер осыған алаңдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мына кадрлардан жағалауда көлік қоятын жер жоқтығын көруге болады. Адамдар ара қашықтықты сақтамайды. Әрине 40 градус ыстықта үйде отыру оңай емес. Дегенмен суға шомылып, күнге қыздырынып жатқан жұрт вирустың жұқпалы екенін естен шығарған. Оның үстіне демалыс орындарының ешқайсында демалушыларды қабылдауға рұқсаты жоқ. Алдымен жағажай құмы мен теңіз суын зертханада тексерту қажет. Мұнан соң демалыс орнында қандай жағдай жасалғанын қараймыз дейді эпидемиологтар.

Асима Жарылғасова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

– Ол жерлерге блок-бекеттер қойып, адамдардың баруына тыйым салу мүмкін емес. Өйткені тұрғындар карантин жағдайынан шаршап отыр. Әрине, біз жағдайды үнемі бақылауда ұстаймыз. Егер де вирус жұқтырған адамның жағажайға баруы анықталса, тиісті іс-шаралар қолға алынады. Аурудың таралуына жол бермеу үшін әлгі демалыс орны жабылады.

Сондай-ақ...