430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында жергілікті бюджеттен түлектерге 80 грант бөлінеді

  • 472
Ақтөбе облысында жергілікті бюджеттен түлектерге 80 грант бөлінеді

Ақтөбе облысында қажетті мамандар тапшылығын жою үшін жергілікті бюджет есебінен де грант бөлінетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек биылдың өзінде 80 талапкердің тегін білім алуына жағдай жасалады. Бірақ үміткерлерге қойылатын талаптар да бар. Ең алдымен ұлттық біріңғай тест тапсырып, жоғары балл жинауы керек. Бір ерекшелігі, білім беру грантын иеленуге былтырғы мектеп түлектері мен кәсіптік техникалық колледж бітірген жастардың да мүмкіндігі бар. Ал байқауға қатысу үшін өтініштер қабылдау тамыздың алғашқы онкүндігінде өтпек. Нақты қорытындысы сол айдың соңына таяу белгілі болады. Жалпы барлық басқарма мен аудан әкімдіктерінен өңірге қажетті 500-ге жуық мамандықтың тізімі жасақталған. Соның 80-іне жергілікті бюджеттен грант бөлу туралы шешім қабылданып отыр. Бүгінде облыста білім, медицина, ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларының мамандарына сұраныс жоғары.

Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының м.а:

– Оқу бітіргеннен кейін жергілікті бюджеттен бөлінетін грант иелеріне міндетті шарт – 3 жыл келісімшарт негізінде қай жерде сұраныс бар, сол жерге барып, еңбек жолын жалғастыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы