424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

  • 320
  • UPD: 21:21, 18.06.2020
Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 12 Ауғанстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір топ шетелдікті шекарашылар ұшқышсыз басқарылатын арнайы аппараттың көмегімен байқап қалған. Аумақты кезекті тексеру кезінде қолға түскендердің арасында әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған бала да бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара бұзушылар Қырғыз елінен Қазақстанға жаяу өтуге әрекеттенген. Алайда бөтен елдің азаматтары қандай мақсатпен өтпек болғандығы және нақты қайда бара жатқандығы туралы ақпарат жоқ. Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы