418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда карантин режимі қайта күшейтіледі

  • 200
  • UPD: 20:53, 19.06.2020

Қаладағы бірқатар нысанның қызметі шектеліп, саябақтар мен скверлерде серуендеуге тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындарға түнгі оннан таңғы 06:00-ге дейін жүруге болмайды. Қаулы 20 маусым сағат түнгі 00:00-ден бастап күшіне енеді. Сонымен қатар субұрқақ, каналдар мен өзен жағалауларында шомылу доғарылуы тиіс. 65 жастан асқан және денсаулығы қауіпті топтарға жататын азаматтар өзін-өзі оқшаулап, сақтық шараларына ден қоюы керек. Ең бастысы жұрт барлық жерде бетперде киіп, арақашықтықты сақтауға міндетті. Шұғыл әрекет етуге коронавирус жұқтыру дерегінің жиілеп кетуі түрткі болды. Мамандар халықты санитария талаптарына ден қойып, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Ғабит Әбділдә, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

– Коронавирустық инфекцияның таралуы жиіліп кетті, сол себепті оқшаулау ретінде, оны азайту ретінде осы шараларға барып отырмыз. Егер де көрсеткіш бір аптада 5 проценттен жоғарылайтын болса, карантиндік режимдер жеңілдетілмейді. Ал қазіргі таңда соңғы бір апта шамасында 5 проценттен жоғары болып отыр. Бүгінгі таңда есеп бойынша 393 адам шалдығып отыр.

Хабар 24 телеарнасы