418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көлік салығын төлемей АҚШ-қа кетіп қалған қазақстандық анықталды

  • 239
Көлік салығын төлемей АҚШ-қа кетіп қалған қазақстандық анықталды

Петропавлдық полицейлер салық төлемей Америка Құрама Штаттарына көшіп кеткен қазақстандық азаматты тауып алды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол шетелге 2012 жылы кетіп қалған. Алайда оның мемлекет алдында көлік үшін 141 мың теңге қарызы қалып қойған. Борышкер халықаралық іздеуге жарияланған. Қазір оған қатысты іс сот органдарына жіберілді. Жалпы, көші-қон қызметкерлері жедел-іздестіру акциясы аясында 21 адамды анықтады.

Жанат Сағынтай, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы: 

– Оның ішінде 4 алимент төлемеуші, 11 борышкер және 6 адамнан туыстық байланысын жоғалтқандар. Осылай Қызылжар аудандық полдиция бөліміне 20 жылдан астам уақыт көрмеген шешесін тауып беру өтінішімен Қазақстанның азаматы жүгінген. Көші-қон қызметі қызметкерлерімен іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар барлық облыстарға бағыт-бағдар жолданды. Нәтижесінде іздеген адам көршілес Қостанай облысынан табылды.

Хабар 24 телеарнасы