417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы 2200 шақырым жолға диагностика жасалады

  • 144
  • UPD: 20:59, 24.06.2020

Шығыстағы республикалық дәрежедегі 3400 шақырым жолдың биыл 90 проценті диагностикадан өтеді.

Яғни, қара жолдың қалыңдығы оның бойындағы белгілерден бастап 11 параметр бойынша тексеріледі. Бұл кешенді  жұмысты алғаш рет «жол активтері ұлттық сапа орталығы»  мемлекеттік мекемесінің мамандары қолға алды.

Жылжымалы зертхана мамандарының тексеріп келе жатқан жолы Өскемен-Алтай-Рахман қайнар бағыты. Бұл тау арасындағы  бұралаңы көп ең қиын жол. Қыста  қар басып, көшкін де жиі түседі. Республикалық мәртебеде болғандықтан жыл да жөнделеді. Ал аймақтағы дәл осындай жолдарға кешенді диагностика  бұрын мүлде жасалмаған. Енді  заманауи зертхананың арқасында қара жолдың әр метрін тексеру басталды.

Көрсетілген параметрге сәйкес, жолдың тек бір бағыты  30 түрлі тексеруден өтеді. Қалыңдығы, асфалттың тегістігі, жиегіндегі науасы және бұрылыстардағы сызық пен жолдың бойындағы белгілеріне  дейін дәл анықтайды. Түнде қалай көрінетінін де тексеруге болады.

Дархан Мұратбек, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК ШҚО филиалының инженері:

— Керек ақпаратты алып, сол жерде әр жолдың өзінің есебін жасаймыз.Сол есепті автомобиль жолдарындағы мамандар р ары қарай осы мәліметтер арқылы кейінгі жылдары қандай жолдарға жөндеу түрі қажат соны тағайындайды.

Диагностика жасалған жолдың  әр бөлігі бойынша  ақпарат жинақталып сарапталады. Сол бойынша қандай жөндеу жүргізілетін туралы шешім қабыланады. Яғни, бұл жұмысты алдын ала жоспарлауға қолайлы.

Ержан Аязбаев, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК ШҚО филиалының директоры:

— Бұрын жолдың сапасын көзбен ғана тексеріліп, сырттай жасалған қорытындығы сәйкес жөнделетін. Енді мына зертхананың арқасында жолдың сапасын бастан-аяқ анықтаймыз. Жолдың қай бөлігіне қандай жөндеу қажет, соны нақты параметрге сәкей шығарып береді. Бұл тапсырыс берушіге де, мердігерге де тиімді.

Мердігерге тиімділігі сол қаржысын  нақты жоспарлайды. Жалпы, шығыста республикалық дәрежеде 3400 шақырым  жол болса, биыл оның 2200 шақырымына диагностика жасалады. Ал жылжымалы зертхана мамандары бүгінге дейін 415 шақырым жолды тексеруден өткізіп үлгерді. Ол бойынша жиналған ақпарат қазір хатталып-шотталып жатыр.   

Авторлары: Олжас Керейхан, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы