430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі

  • 448
  • UPD: 17:58, 25.06.2020
Ақтөбеде қоғамдық көліктердің қозғалысы шектеледі

Өңірде демалыс күндері ойын-сауық орталықтары, сауда желілері жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен бірге азық-түлік дүкендері мен базарлар, жәрмеңкелер уақытша жабылады. Мейрамхана, кафе, фаст-фуд, фудкорт, асхана және басқа қоғамдық тамақтану орындары клиент қабылдамайды. Тек тапсырыспен жеткізуге болады. «Фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері, бассейндер, SPA орталықтар, салондар, сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ студиялары, солярий, массаж орталықтары және қызмет көрсету саласының басқа да ұқсас объектілері жұмыс істемейді. Қоғамдық монша, сауна жабылып, қоғамдық көліктің қозғалысы шектеледі. Қоғамдық орындарда, саябақ, сквер, жағалаулардың, көшедегі ойын алаңдарының және азаматтардың өзге де демалыс орындарында жүруге болмайды», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Облыстың бас санитар дәрігері қызметкерлерді қашықтан жұмыс режиміне көшіруге, жұмыс орнына дейін және тұрғылықты жеріне қайта жеткізуді ұйымдастыруға кеңес берді.

 

Хабар 24 телеарнасы