421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақташы өзі бағып жүрген қойларды сатып жіберген

  • 266
  • UPD: 09:59, 30.06.2020
Бақташы өзі бағып жүрген қойларды сатып жіберген

Түркістан облысының полицейлері өзі бағып жүрген қойларды ұрлап, сатып жіберген бақташыны анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында аудан ауылдарының біріндегі шаруа қожалыққа 15 бас саулық қойын апарып, бағуға сеніп қосқанын, кейін малдарын түгелдеуге барғанында 10 бас қойы жоқ болып шыққанын жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді.

Оқиға орнына аудандық полицейлерден құрылған жедел–тергеу тобы жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шығып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде үш тәулік бойы жүргізілген іздестіру шарасы барысында жинақталған ақпарат көздері арқылы бұл қылмысқа жәбірленуші малын сеніп тапсырған бақташының қатысы бары анықталды. Ол Жамбыл облысының тұрғыны, өз кінәсін толық мойындады.

​​​​​​​​​​Тергеу барысында бақташы қойларды түрлі бағаға бағалап, Түлкібас ауданында сатып жібергені белгілі болды. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланып, сатылған малдарды тәркілеп алды, заңды иесіне қайтарды. ​​​​​​​​Қазіргі таңда бақташы Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы