424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда электр қуатын өндіру жабдықтарының 60% тозған

  • 327
Қазақстанда электр қуатын өндіру жабдықтарының 60% тозған

Елімізде электр қуатын өндіру жабдықтарының 60 проценті ескірген.

Осыған байланысты электр станцияларында апаттық жағдайлар жиі болып, тұтынушыларды электрмен қуатымен қамтамасыз ету қызметінде сапа жоғалды. Осы жағдай жергілікті электр энергетикасын көрші елдердегі энергия жүйесіне тәуелді қылуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігінің департамент директоры Айдос Дәрібаев хабарлады. Оның айтуынша, электр қуаты нарығынан түскен кірістер көлемі станциялардағы тозығы жеткен жабдықтарды түгел жаңартуға жетпейді. Былтыр станцияларда авариялық жағдайлардың жиілеуіне байланысты Қазақстан 8 млрд теңгеден астам қаржыға электр қуатын реттеу қызметін амалсыздан көрші елдерден сатып алған. Ізінше бұл шешім қазақстандықтарға тағайындалған тарифтің одан ары өсуіне алып келеді. Дегенмен электр станцияларын жаңғыртуға арналған инвестиция көлемі жеткілікті. Биыл жыл соңына дейін 70 млрд астам теңгені құрауы тиіс.

Айдос Дәрібаев, ҚР ЭМ Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры:

– ЭМ Электр энергетика саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып саналады. Министрлік тұтынушылар мен ел экономикасын сенімді энергиямен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдайды. Қазақстанның электр энергетика саласы қолданыстағы активтерді қажет ететінін атап өту қажет. Қолданыстағы қуаттар өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған. Ол кезде 2019 жылы енгізілген электр қуаты нарығының арқасында станция активтері жаңғыртыла бастады.

Хабар 24 телеарнасы