418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырғандарға 3650 орын дайындалған

  • 175
  • UPD: 20:01, 01.07.2020
Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырғандарға 3650 орын дайындалған

Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы 20 инфекциялық нысан жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 3650 төсек орын. Жағдай күрделенсе, сыйымдылығы мыңнан асатын төсек-орны бар 11 нысан резервте тұр. Қаладағы медицина университеті өз жатақханасының бірін инфекциялық стационар етіп қайта жасақтаған. 200 орындық орталыққа коронавирустың симптомдық белгілері бар науқастар жатады. Қазір облыста үш ПТР-зертхана тәулігіне 2 300 талдау жүргізсе, шілде мен тамыз айларында тағы екі зертхана ашып, тәуліктегі талдауды 4 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жедел жәрдем қызметі тәулігіне 2 мыңнан астам қоңырау қабылдап жатқан көрінеді. Жағдайға байланысты тағы 21 жедел жәрдем бригадасы шығарылды. Осыған қарамастан, ел арасында үрей басым. Халық жедел жәрдемге жүгіне алмай, емханалардағы жағдайлар жан төзгісіз деп есептейді. Қарағанды облысында індет жұқтырғандар саны 5 мыңға жуықтады.

БЛИЦ:

– Әкем де, анам да ауырып үйде жатыр. 16 мың теңгеге дәрі алдым. Жедел жәрдем бүгін бір күннің ішінде келеді деген. Ата-анам алаңдап отыр.  

– Біз тіркелген емханадағы учаскелік дәрігер бізге хабарласады деген. 2 күн болды, әлі хабар жоқ. Енді осыдан барып, өз-өзімізді емдемеске амал қалмайды. Ал дәріханаларда дәрі жоқ. Нақты бір алгоритм жоқ. Ең болмаса осындай қиын-қыстау кезде телефон арқылы кеңес берсе ғой.

Хабар 24 телеарнасы