418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын бөлу туралы құжатқа қол қойды

  • 213
  • UPD: 23:02, 02.07.2020
Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстарын бөлу туралы құжатқа қол қойды

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанмен су қатынастары саласындағы маңызды құжаттың бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ташкентке жұмыс сапары барысында бүгін Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен екі ел арасындағы Су саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жол картасына қол қойдық», - деп жазды М.Мырзағалиев Twitter парақшасында.

Айтуынша, қол қоюға «біздің ведомстволарымыздың ұзақ және үздіксіз келіссөздері себепші болған.

«Құжат өте маңызды. Ол су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейді. Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді», - деді министр.

«Жол картасындағы тағы бір маңызды тұс - су ресурстарын бөлудегі айқындық», - дейді ол.

Мырзағалиев өзбек тарапымен келіссөздер жалғасуда екенін, «күн тәртібінде тағы бірнеше стратегиялық мәселе бар» екенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы