418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңақорғандық 238 тұрғын COVID-19 жұқтырған

  • 138
  • UPD: 16:02, 03.07.2020

Коронавирус індеті еліміздің ауыл-аймақтарында өршіп барады, сондай-ақ өкпесі қабынғандар да көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының 238 тұрғыны COVID-19 жұқтырған. Олардың үштен бірі – симптомсыз науқас. Жағдайдың ушығуына байланысты карантиндік және провизорлық стационардағы төсек-орын көбейтіліп жатыр. Жергілікті дәріханаларда антибиотиктер, дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттар тапшы. Дерттің дендеуін тоқтату үшін ауданда бірқатар шектеу шарасы енгізілді. Жазғы лагерлерінің ашылуы кейінге шегеріліп, ойын-сауық және спорт нысандарының жұмысы тоқтатылды. Қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, азық-түлік базарларының жұмыс кестесі өзгерді, демалыс күндері дезинфекция жүргізіледі.

Шынар Айдарова, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының м.а:

– Қазіргі таңда ауданда 30 орындық инфекциялық стационар жұмыс жасап жатыр. 22 науқас ем алуда қазіргі таңда. Аудан бойынша біз 26-маусымнан бастап 200 орындық провизорлық стационар іске қосылып тұр. Осы стационарда бүгінгі күнге 154 науқас әр түрлі коронавирус инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерімен шағымданып ем алуда.

Хабар 24 телеарнасы