418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда кәріз суын тазалайтын станса салынып жатыр

  • 190
  • UPD: 10:33, 18.07.2020

Жылдар бойы атыраулықтардың бас ауруына айналған біраз мәселе шешімін табатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жаз шықса тұрғындардың мазасын қашыратын «Ерік-Мостовой» дренаж арнасы қазір тазартылып жатыр. Мұнайлы шаһардың солтүстік бөлігінде салынып жатқан кәріз суларын тазалайтын станцияның да құрылысы жуық арада аяқталмақ.

Жаз басталса тұғындардың жүйке жүйесін тоздыратын «Ерік-Мостовой» дренаж каналы қазір сасық су мен қоқыстан тазартылып жатыр. Шаһар басшысы арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, қоқыс полигонының да жай-күйі назардан тыс қалмады. Полигонның көлемі техникалық құжатта  200 гектар деп көрсетілген болса, қазіргі өлшем 600 гектарды құрап отыр. Мердігер мекеме жағдайды жөнге келтіруге кіріскен.

Артур Қуанышкереев, мердігер мекеменің өкілі:

– Күніне 9 кубалық камаз автокөлігі 15 тонналық, шамамен 40-45 рейстей АтырауспецАвтобаза полигонына тасимыз. Барлығы 600 гектар деп айттым, жердің аумағы, соның ішінде күні бүгінге 414 гектарын мына участокті есептемегенде аяқтадық.

Көгалдандыруға арналған суару құбырының құрылысы кезінде кешеуілдеп қалғанымен, қазір қарқынды жүріп жатыр. Құны бір жарым млрд теңгеден асатын жобаның 80 процент жұмысы аяқталған. Көп ұзамай іске қосылады.

Қайрат Оразбаев,  қала әкімі:

– Осы құрылысты биыл қыркүйек айына дейін аяқтап іске қоспақшымыз. Жалпы, халықтың бау бақшасына да Жайықтың шикі суын жеткізу бұл өте жақсы жобалар деп есептеймін және қаланы көгалдандыру жүмысы бұл әрине, экологияға дұрыс әсері бар.

Сондай-ақ, қазір мұнайлы шаһарда кәріз суын тазалайтын станса салынып жатыр. Бұл жоба арқылы күніне 70 мың текше метр суды тазартып, қайта өндіріске беруге мүмкіндік бар. Құрылыс тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Асланбек Шығыров, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы