418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей мен Өскеменде кейбір нысан қысқартылған жұмыс тәртібіне көшеді

  • 247
  • UPD: 09:41, 05.07.2020
Семей мен Өскеменде кейбір нысан қысқартылған жұмыс тәртібіне көшеді

Өскемен мен Семей қалалары карантинге жабылды.

Екі шаһарда тұрғындар мен көлік қозғалысы барынша шектеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыс әкімі өзінің жеке парақшасында мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша,  қалалар жабылғанымен, кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кестемен жұмысын жалғастырады. «Аталған шара коронавирус жұқтыру тізбегін бұзу мақсатында қолға алынып отыр», – дейді мамандар. Өйткені карантинді қатаң ұстанған кезде жағдай тұрақталғанымен, қазіргі ахуал ушығып барады. Өңірдегі науқастардың жалпы саны  мың жарым адамнан асты. Басты екі қаланың жабылатыны жайлы айтылғанымен, қала шетіне өткізу бақылау пунктері қойыла ма, жоқ па ол жағы әлі белгсіз. Бұл сұрақ алдағы уақытта анықталып, шешіледі дейді әкімдік өкілдері.

 

Хабар 24 телеарнасы