431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада үйін сегіз жыл күткен үлескерлердің арманы орындалды

  • 184
  • UPD: 20:03, 05.07.2020
Елордада үйін сегіз жыл күткен үлескерлердің арманы орындалды

Елордада «Столичный-2» деп аталатын көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 8 жыл бойы салынған бұл үйді әсіресе үлескерлер тағатсыздана күткен еді. Нақтыласақ, бұл үйде 200-ден астам азаматтың үлесі болған.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл қалада көп пәтерлі 20 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Құрылысы созбалаңға салынған үйлер бас шаһарда әлі де аз емес. Олардың қатарында «Шығыс» және «Жағалау» тұрғын үйлері бар. Ал «Территория комфорта - 1» - дің ғимараты апатты болғандықтан сүріледі.

Хабар 24 телеарнасы