424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да әлеуметтік нысандар жөнделіп жатыр

  • 371
  • UPD: 12:02, 06.07.2020

Шығыс Қазақстанда биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында маңызды ғимараттармен инфрақұрылымдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Алтай ауданында 30-40 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген әлеуметтік нысандар жаңартылып жатыр. Солардың арасында Бұқтырма кентіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі де бар.

Бұқтырма кентіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жылу жүйесі ата-аналар мен мектеп ұжымын талай жыл алаңдатып келген еді. Өйткені 45 жыл бұрын тартылған жылу құбырлары әбден ескіріп, жарылудың аз алдында тұрған. Көптен бері көтеріліп келген мәселе ақыры биыл шешім тапты. Құбырды толық ауыстыру үшін 7 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Енді тәрбиеленушілердің өміріне еш қауіп жоқ.

Берік Болатханов, Бұқтырма кенті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

– Қай кезде жарылып кетеді, тоқтата алмай қаламыз ба қорқатынбыз. Үкіметке рақмет.

Мектепте 422 бала қазақша күрес, футбол, волейбол, бокс, жеңіл атлетика сынды спорт түрлерін тәрбиеленеді.15 жастағы Артем Сизов жеңіл атлетикадан ел чемпионы, енді биыл футболдан чемпион атанып құрама командаға шақырылып отыр. Ол мектеп қабырғасында қысы-жазы үзіліссіз дайындық жүргізілетіне дән риза.

Артем Сизых, мектеп тәрбиеленушісі:

– Үнемі денемізді шынықтырып отыру үшін жаттығуларды үзіліссіз қайталап отыру керекпіз. Жазда міне осы стадионда уақыт өткіземіз, енді қыста да жайлы әрі жылы жерде әзірлікті жалғастыратын болдық.

Білім беру ісіне қатысты осындай ең маңызды деген 15 жоба атқарылып жатса, абаттандыру бойынша 9 іс қолға алынды. Қазір Алтай мен Серебрянск қаласында 9 шақырымға жуық жол төсемі жөнделуде.

Тимур Жігітаев, Алтай ауданы әкімінің орынбасары:

– Тұрғын үй шаруашылығы саласында 419 миллон теңгеге 12 жобаны жүзеге асырамыз. Ол дегеніңіз, аудандағы қазандықтар, сорғы станциялары, тазартқыш құралдары жөнделеді деген сөз. Бұл әсіресе қыс маусымында апаттық жағдайлардың азаюына ықпал етпек.

Жалпы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша өлкеде 800-ден астам жұмыс қолға алынса, соның көпшілігі әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеуден өткізуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы