418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Итбалыққа тас атқандарды полиция іздеп жатыр 

  • 176
  • UPD: 17:36, 07.07.2020
Итбалыққа тас атқандарды полиция іздеп жатыр 

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары жағалауға жақын жүзген итбалыққа тас атқандарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалардың теңіз хайуанына кесек лақтырған сәтін жергілікті тұрғын смартфонға түсіріп, әлеуметтік желіге салған болатын. Күні кеше ғаламторда жарияланған бұзақылардың әрекетін көпшілік қызу талдап жатыр. Басым көпшілігі жүгенсіздікке бой алдырған жасөспірімдерді әкімшілік жазаға тарту керек деп санайды. Ал полицейлер оқиға куәгерлерін «102» нөміріне хабарласуды сұрайды. Әуесқой түсірілім Ақтау не Форт-Шевченкода жағажайында түсірілген деген болжам бар. Естеріңізге салсақ, өткен айда Түпқараған ауданында бес адамды итбалық тістеп алған еді.

Хабар 24 телеарнасы