418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай қаласы әкімінің коронавирус жұқтырғаны анықталды

  • 140
  • UPD: 10:17, 09.07.2020
Қостанай қаласы әкімінің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы өзінің instagram парақшасында хабарлады.

«Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға қарамастан, өкінішке орай, Covid-19-ды анықтауға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын», - деп жазды.

Сондай-ақ тұрғындарды белгіленген талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

«Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!», - деді.

Хабар 24 телеарнасы