418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатқандар ұсталды

  • 185
  • UPD: 10:21, 10.07.2020
ШҚО-да дәрі-дәрмекті қымбат бағаға сатқандар ұсталды ortcom.kz

Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмекті заңсыз қымбат бағамен сату фактісі анықталды.

Қаржы мониторингі комитетінің хабарлауы бойынша ШҚО-да дәрі-дәрмекті қымбат бағамен және рецептісіз сатқандар ұсталды.

Облыс орталығындағы аптекалардың бірінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығының нормалары бұзылып, «Амоксиклав Квиктаб» 500 мг, «Аугментин» 500 мг дәрілері заңсыз сатылған.

Сонымен қатар Өскемен қаласындағы логистикалық компания жалдап отырған қоймаға Алматы қаласындағы «Нобел» фармацевтикалық компаниясы жіберген «Тамифлю», «Зитмак-500», «ТайФенХот» дәрілік заттарының физикалық тұлға атына әкелінгені жөнінде белгілі болды.

Аталған фармацевтикалық компания бөлшек сауда объектісіне жатпайтынын айта кеткен жөн.

Жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты материалдар АЕК тіркеліп, ШҚО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабына сәйкес (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы