418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда дәрілік заттарды қымбат сатқандар ұсталды

  • 125
  • UPD: 12:34, 10.07.2020
Нұр-Сұлтанда дәрілік заттарды қымбат сатқандар ұсталды radio1.news

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығын бұзатын дәрілік заттарды жоғары бағада сатудың екі фактісін анықтады.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қ. екі дәріханасының фармацевттері дәрі-дәрмектерді, соның ішінде «Ингавириннің» 1 қаптамасын – 9000 теңгеге, «Тамифлюдің» 1 қаптамасын 13500 теңгеге көтеріңкі бағамен сатқан. Тексеріс барысында 7 қаптама «Ингавирин» және 1 қаптама «Тамифлю» тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қ. ЭТД Павлодар және Ақмола облыстары бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп, елорда тұрғынының вирусқа қарсы препараттарды салық органдарында тіркеусіз және сәйкес лицензиясыз сатқандығын анықтады.

«Барлығы жалпы сомасы 770 400 теңгеге түрлі дәрілік заттардың 150 жуық қаптамасы («Ингавирин 90мг», «Сумамед», «Нобазит» және т.б.) анықталды.

Аталған құқыққа қарсы әрекеттер бойынша тергеу жүргізілуде, айыпты тұлғалар жауапкершілікке тартылатын болады», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы