417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда косметика сататын дүкенде заңсыз дәріхана жұмыс істеп тұрған

  • 162
Алматыда косметика сататын дүкенде заңсыз дәріхана жұмыс істеп тұрған Vyborexperta.ru

Дүкеннің бұл қызмет түріне лицензиясы да жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық криминалдық полиция Басқармасы мен экономикалық тергеу департаменті бірлесе жүргізген рейд барысында мекемеден 11 мыңнан астам әртүрлі дәрі-дәрмек және жалпы құны 1 млн 119 мың 200 теңге болатын 100-ден астам ампула тәркіленген. Сондай-ақ қала бойынша үш күннің ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 дерек анықталып отыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар, 1200 қорап, сондай-ақ жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды. Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы