417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«СҚ-Фармация» және МӘМС басқарма төрағалары қызметінен босатылды

  • 242
  • UPD: 22:19, 10.07.2020
«СҚ-Фармация» және МӘМС басқарма төрағалары қызметінен босатылды

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі телеграм каналында хабарлады.

«Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің келісімі бойынша «СК-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Б.Ш.Шәріп қызметінен босатылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы