418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Атырауға барды

  • 221
  • UPD: 15:30, 11.07.2020
Е.Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Атырауға барды

Атырауға премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі жедел штаптың басшысы жергілікті атқарушы органдармен жұмыс кеңесін өткізіп, қаланың бірнеше медициналық мекемесінде болды. Кеңес қорытындысы бойынша, Атырау облысының әкіміне 18 пункттен тұратын бірқатар тапсырма берілді. 2 апта уақыт ішінде жағдайды қалыпқа келтіру қатаң тапсырылды. Облыста Алматы – Атырау, Ақтөбе – Атырау, Маңғыстау – Атырау бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Енді кафелер, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік емес дүкендер үйге жеткізу режимінде жұмыс істейтін болады. Отбасылық іс-шараларға қатаң тыйым салынды. Тәртіпке бағынбағандар заң шеңберінде жауапқа тартылады. Сондай-ақ дәрігер жетіспеушілігінен туындаған мәселелерді шешу тапсырылды.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Бізге қазір сырттан әкеліп кадрларын бермейді. 110-ға шейін Атырау облысының баласы қазір интернатурада оқып жатыр. Қазір Денсаулық министріне арнайы тапсырма берілді. «Ковидтің» жағдайын ескере отырып, осы азаматтарды облыстарға жіберуге нақты шешімдер қабылдау керек.

 

Хабар 24 телеарнасы